«Тартысты текетірес». Қазақстандағы жаңа промоушен Гран-придің әсерлі сәттерін көрсетті

«Тартысты текетірес». Қазақстандағы жаңа промоушен Гран-придің әсерлі сәттерін көрсетті

Қазақстандағы жаңа UNDERDOG MMA промоушені жеңіл салмақтағы Гран-придің бірінші ширек финалының ең әсерлі эпизодтарын көрсетті, деп жазады Prosports.kz

Өткен жекпе-жектің басты қаһармандары қырғызстандық Хасан Юсупов (5-1) пен қазақстандық файтер Әділбек Қайырғали (5-2) олдскул форматында тартысты кездесу ұсынды.

Еске салайық, турнир ережесі бойынша файтерлер барлық жекпе-жегін бір кеште өткізеді. Кеш нәтижесінде чемпион анықталып, ол 2 200 000 теңге еншілейді және рекордына үш жеңіс қосылады.

Ширек финалдағы барлық жұптар:

Хасан Юсупов (5-1, Қырғызстан) – Әділбек Қайырғали (5-2, Қазақстан)

Курбан Идрисов (1-0, Бахрейн) – Роман Талайбеков (дебют, Қырғызстан)

Азизхон Азимов (3-2, Өзбекстан) –Микаэль Джумев (2-0, Қазақстан)

Кокай Абдыкадыров (2-0, Қазақстан) – Михаил Люсиков (0-1, Қазақстан).

Жобаның қонақтары әрі сарапшысы ретінде Қуат «Найман» Хамитов, ММА шоумені Камариддин «Камил Карате» Хасанов, UFC файтерлері Азат Мақсұм, Бекзат Алмахан және Михаил Краймер (Вестник ММА) шақырылды.

Гран-при видеосын NDRDGMMA youtube-каналынан қарауға болады.

Генеральный партнер: Parimatch

Напиток UNDERDOG MMA: Gorilla Energy

Powered by UNDERDOG

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или