UFC президенті Шавкат Рахмоновқа қарсылас таңдады
FC промоушенінің президенті Дана Уайт қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
<span> 18 ақпанда жартылай орта салмақтағы ирландиялық файтер Иэн Гэрри (13-0) мен АҚШ өкілі Джефф Нил (15-5) UFC 298 турнирі аясында жекпе-жек өткізеді. </span>
<span>Дана Уайттың айтуынша, егер Иэн Гэрри осы кездесуде жеңсе, дивизиондағы мықты файтерлердің бірімен, соның ішінде рейтингте үшінші орында тұрған Шавкат Рахмоновпен кездесуі мүмкін. </span>
<span>«Гэрри үшін бұл қиын жекпе-жек. Егер ол Джефф Нилды жеңе алса, рейтингте 7-орынға шығады. Сөйтіп Шон Брэди, Колби Ковингтон, Гилберт Бернс және Шавкат Рахмоновқа көз тіге алады. Сенбі күні өтетін кездесуде қарсыласынан басым түссе, 2024 жылдың соңында салмақты жекпе-жектер өткізеді», – деді Дана Уайт. </span>
<span>Еске салайық, Шавкат Рахмонов америкалық файтер Колби Ковингтонмен кездесуі мүмкін екенін жазғанбыз. Жекпе-жек биыл жазда Сиэтлдегі (АҚШ) UFC турнирінде өтуі ықтимал екені айтылды.</span>