UFC-дегі жалғыз қазақстандық қыз келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

UFC-дегі жалғыз қазақстандық қыз келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

UFC промоушенінде өнер көрсететін қазақстандық файтер Мария Агапова жақында октагонға оралатынын мәлімдеді. 

<span>Мария Агапова Instagram Stories-ке допинг-бақылау кезінде түскен суретін жариялады.</span>

<span>"Жақында жекпе-жек туралы жаңалық болады", – деп жазды файтер. </span>

<span>26 жастағы Агапова әлемдік промоушендегі соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізді. Бұл кездесуде ол канадалық спортшы Джиллиан Андерсоннан жеңіліп қалған еді. Марияның қарсыласы екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп кетті. </span>

<span>Содан бері Агапова UFC октагонына шықпады. Қазақстандық файтер өткен жылы қазан айында оралуы мүмкін еді, бірақ Марияның виза мәселесіне байланысты Монтана-Ла Россаға қарсы жекпе-жек өтпей қалды. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или