«Жаттығуға автобуспен барамын»: UFC-мен келісімшарт жасасқан қазақстандық файтер жеке өмірі жайлы айтты

«Жаттығуға автобуспен барамын»: UFC-мен келісімшарт жасасқан қазақстандық файтер жеке өмірі жайлы айтты

UFC промоушенімен келісімшарт жасасқан қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан жеке өмірі және жаттығулары жайлы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Octagon лигасының Youtube желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

<span>"Күн сайын жаттығуға автобуспен барып келемін. Ұялатын нәрсе емес ол. Жоқтықтан ұялмаңдар дейді ғой. Кейде автобуспен, кейде таксимен жүре беремін. Бірінші алдағы жекпе-жекте жеңіп алайын, кейін көлік алуды ойластыра жатармын", – деді Бекзат Алмахан. </span>

<span>Ол UFC-дегі алғашқы қарсыласы Умар Нурмагомедовпен жекпе-жекке шығуға ойланбастан келісім бергенін айтты.</span>

<span>"Дайынбыз. Дайын болғаннан кейін бұл кездесуге келістік. Барымызды саламыз Алла қаласа. Бұрын UFC-ден ұсыныс келіп жатса кез келгенімен шығуға дайынмын деп айтатынмын. Дәл сол ойлағанымдай болды. Умар – жақсы қарсылас, топ файтерлердің бірі. Біраз жекпе-жекшілер одан қорқып, қашып кетіп жатыр. Ол – әмбебап файтер. Мен де әмбебаппын деп айта аламын", – деді қазақстандық файтер. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или