UFC Бекзат Алмахан мен Умар Нурмагомедов арасындағы жекпе-жек жайлы мәлімдеме жасады
UFC ресми сайтының бас редакторы әрі «UFC энциклопедиясы» кітабының авторы Томас Джербази Prosports.kz сайтына Бекзат Алмахан мен Умар Нурмагомедов арасындағы ықтимал жекпе-жек туралы ойын айтты.
«Бекзат шынымен UFC деңгейіндегі файтер ме, жоқ па, соны анықтауға мүмкіндік туады. Ал Умарға келсек, оның ауыр соққы алғанын әлі көрген жоқпыз – бұл оның қорғанысы мықты екенінің дәлелі. Оның үстіне ол бір жылдан аса уақыт жекпе-жек өткізген жоқ, бұл аса жақсы емес», - деді сарапшы.
Айта кетейік, 9 ақпанда Алмаханның (17-1) наурыз айында Лас-Вегаста UFC-дегі дебютінде әйгілі Хабибтің немере інісі, ресейлік Умар Нурмагомедовпен (18-0) кездесуі мүмкін екені белгілі болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или