Әлем футболы

Англияда футболдан ерекше әлем чемпионаты өтеді

Англияда футболдан ерекше әлем чемпионаты өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Биыл жазда Англияда футболдан ерекше әлем чемпионаты өтеді. Ерекшелігі – бұл турнирге жасы 35-тен асқан футболшылар ғана қатыса алады. Жарыс EPG Cup деп аталады. 

Қазіргі таңда турнирге Германия, Англия, Аргентина, Бразилия, Италия, Франция, Испания және Уругвай құрамалары қатысатыны анықталған. 

Месут Озил, Стив Макманаман, Эстебан Камбьяссо, Эмерсон, Марко Матерацци, Кристиан Карамбе, Мичел Сальгадо және Диего Лугано сынды танымал футболшылар құрамалар капитаны болады. Сондай-ақ турнирге Майкл Оуэн, Кака, Роналдиньо, Ривалдо, Фабио Каннаваро, Кафу, Роберто Карлос, Тьерри Анри және Марсель Десайи сынды футбол аңыздары қатысады деп күтілуде. Бұлардың қатарында "Алтын доп" иегерлері де бар. 

Матч 11-де 11 жүйесі бойынша өтеді, бірақ уақыты 70 минуттан болады. 

Түпнұсқасы: massaget.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер