«Арамызда соғыс жоқ, біз мұсылманбыз». Қырғызстандық нокаутшы Камиль Каратеге қарсы жекпе-жек және UFC-дегі дебюті туралы
16 ақпанда Алматыда өтетін OCTAGON 55 турнирінде ММА-дегі тартысты жекпе-жектердің бірі өтеді.
Турнирде тәжікстандық файтер Камариддин «Камиль Карате» Хасанов (3-1) пен жеңіліп көрмеген қырғызстандық Марсель Нурланбек (11-0) жекпе-жек өтеді.
Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында қырғызстандық жеңіліп көрмеген кәсіпқой спортшымен алдағы жекпе-жек туралы айтып, UFC-мен келіссөзі туралы пікір білдірді.
– Марсель, алдағы жекпе-жекке дайындық қалай жүріп жатыр?
– Дайындық жоғары деңгейде өтіп жатыр.
– Сіз үшін Камиль Каратеге қарсы жекпе-жек соғыспен тең. Неліктен бұл текетірес сіз үшін соншалықты маңызды?
– Біздің арамызда соғыс жоқ. Біз мұсылманбыз және бір-бірімізді құрметтеуіміз керек. Бұл жай ғана спорт.

– Сіз бұл жекпе-жекте күрес шеберлігіңізді пайдаланбауды шештіңіз. Бірдеңе жоспар бойынша болмауы мүмкін бе?
– Бәрі жоспар бойынша өтеді, мен өзіме 100 пайыз сенімдімін.
– Жақында подкаст түсірілімі кезінде Камильмен қақтығыстың видеосы пайда болды. Бұған не себеп болды?
– Әңгіме барысында ол маған қолымен көрсетіп, қаға бастады. Мен сілтеп, қағып алатын адам емеспін.
– Жекпе-жек төреші шешіміне дейін жетеді деп сенетіндер аз. Барлығы қай раундта және қалай аяқталуы мүмкін?
– Бәрі Алланың қалауымен! Кім мықты сол жеңіске жетсін.

– Камиль сізді нокаутқа түсіруге дайындалып жатқанын айтады. Бұдан өзіңізге қандай да бір қауіп көріп тұрсыз ба?
– Ешқандай қауіп көріп тұрған жоқпын. Осылайша ол өзін жоғары қойғысы келеді.
– Камиль Каратеге әдетте көп тәжікстандық жанкүйерлер қолдау көрсетеді. Алматыға келіп, сізге қолдау көрсететін адам көп па?
– Қолдау көрсететіндер көп.
– Әрбір жаңа жекпе-жегіңізден кейін көптен күткен UFC-мен келісімшарт туралы әңгіме көбейіп келеді. Қазір осы мәселе қалай болып жатыр және қуантарлық жаңалықтар бар ма?
– Менеджерлерім бұл іспен айналысып жатыр, қазір жалғыз проблема визада.
– Жекпе-жек алдында Камиль Каратеге не айтар едіңіз?
– Жекпе-жекте сәттілік тілер едім, ең бастысы, жарақат алып қалмау.