«Қазір жекпе-жек өткізетіндей жағдайда емеспін». Колби Ковингтон Рахмоновқа қарсы жекпе-жек туралы

«Қазір жекпе-жек өткізетіндей жағдайда емеспін». Колби Ковингтон Рахмоновқа қарсы жекпе-жек туралы
<h4>Аралас жекпе-жек жұлдызы Колби Ковингтон қазақстандық Шавкат Рахмоновқа қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.</h4>
«Маған Рахмоновпен жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс түскен жоқ. Әлі ортопедиялық етік киіп жүрсем, олар маған жекпе-жек өткізуді қалай ұсынады? Қазір жекпе-жек өткізетіндей жағдайда емеспін, толық қалпына келуім керек. Қазір мен 60 пайызға дайынмын», - деп келтіреді Колбидің сөзін Submission Radiо.

Естеріңізге сала кетейік, Ковингтонның кейінгі жекпе-жегі UFC 296 аясында Леон Эдвардсқа қарсы өтті. Колби төрешілердің бірауыздан қабылданған шешіммен жеңіліп қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или