русский язык
Бокс

Карина Ибрагимова Испаниядағы халықаралық турнирде жеңіліс тапты

Карина Ибрагимова Испаниядағы халықаралық турнирде жеңіліс тапты

Испанияның Ла-Нусия қаласында Boxam Elite-2024 халықаралық турнирі басталды. Байрақты додада Қазақстан әйелдер командасының мүшесі 57 келідегі Карина Ибрагимова жергілікті боксшыдан жеңіліп, жарысты ерте аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Турнирді Әйгерім Сатыбаева (48 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Мәдина Нұршаева (70 келі) және Гүлсая Ержан (75 келі) жартылай финалдан бастайды. Демек, бұл боксшылар жарысты бастамай жатып, қола медальға қол жеткізіп тұрғаны анық.

Ал, Аида Әбікеева (63 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) жекпе-жекті бірден финалдан бастайды. Бұл боксшыларымыздың еншісінде жеңілген жағдайда қазірдің өзінде турнирдің күміс жүлдесі тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;