русский язык
ММА

Аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімовтың келесі қарсыласы анықталды

Аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімовтың келесі қарсыласы анықталды

Қазақстандық файтер Арман Әшімовтың келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Арман Әшімов 23 наурызда Жапонияда өтетін Rizin Landmark 9 турниріне қатысады. Оның қарсыласы – жапониялық файтер Юсаку Накамура. Әшімов бұл турнирде 57 келіге дейін салмақта сынға түседі.

Арман Әшімов кәсіби мансабын 2014 жылы бастаған. Ол бұған дейін 16 жекпе-жек өткізіп, 12 рет жеңіп, 3 рет жеңіліске ұшыраған және 1 мәрте тең түскен. Арман соңғы кездесуінде Әзербайжан өкілі Серхан Валилиді NFC 34 турнирінде нокаутпен ұтқан еді. Ал 37 жастағы Юсаку Накамура кәсіби мансабында 29 кездесу өткізген. Ол 18 мәрте қарсыласынан басым түсіп, 10 рет жеңіліс тапқан және 1 жекпе-жегі тең аяқталған.

Юсаку соңғы рет 2023 жылдың қазанында жекпе-жекке шығып, отандасы Хироя Кондоны жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;