русский язык
Қысқы

Канвон-2024: Классикалық шаңғыдан 7,5 шақырымдық жеке сайыстар аяқталды

Канвон-2024: Классикалық шаңғыдан 7,5 шақырымдық жеке сайыстар аяқталды

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында классикалық шаңғы жарыстарынан 7,5 шақырымдық ерлер арасындағы сайыстар аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған сында ел намысын Берік Боранбаев пен Әубәкір Тотанов қорғаған болатын. Алайда екеуі де жүлделі орындардан тыс қалды. Боранбаев мәре сызығын 21:39.9 уақыт көрсеткішімен 35-інші болып кесіп өтсе, Тотанов мәре сызығына 7,5 шақырымды 21:59.7 уақыт көрсеткішімен 40-шы болып жетті.

Бұл жарыста 79 қатысушы сынға түсті.

1-орын – Германия - Жакоб Елиас Моч — 19:47.2

2-орын – германия - Джонас Муеллер — 19:52.6

3-орын – Франция - Гуентин Леспин — 19:54.1

35-орын – Қазақстан - Берік Боранбаев — 21:39.9

40-орын – Қазақстан - Әубәкір Тотанов — 21:59.7

Енді шаңғы жарысынан 1 ақпан күні шешуші жүлде жиынтығы 4×5 шақырым қашықтықта аралас эстафета өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрінен 10 дисциплина бойынша 41 спортшы қорғап жатыр. Биатлон, керлинг, конькимен сырғанау, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша бақ сынауда.

Еске салайық, Канвонда қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтар күні тұтанған болатын. Жарыс 1 ақпанда мәресіне жетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;