Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Түркиядағы турнирде қола медаль алды

Қысқы спорт түрлерінен Олимпиадалық дайындау орталығының 17 жастағы мәнерлеп сырғанаушысы София Фарафонова «Эфес кубогы-2024» халықаралық турнирінде үшінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
22-28 қаңтар аралығында Түркияның Измир мұз айдынында жыл сайынғы дәстүрлі «Эфес кубогы» жарысы өтті. Бұл халықаралық турнирге 15 елден мәнерлеп сырғанаушылар қатысты.<br />Түркиядағы жарыста Литва спортшысы Александра Головкина бірінші орын алды, ал күміс медаль Молдовадан келген мәнерлеп сырғанаушы Анастасия Грачеваға бұйырды. Ал қазақстандық София Фарафонова үшінші орын алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или