русский язык
Басқа

Бүгін Дохада семсерлесуден рейтингілік турнир басталады

Бүгін Дохада семсерлесуден рейтингілік турнир басталады

Бүгін, яғни 29- қаңтар күні Қатар астанасы Доха қаласында семсерлесуден сапы сайысы бойынша 2024 жылдың алғашқы гран-при кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Спорт комитеті мәлім еткендей, аталған дода 31 қаңтарда мәресіне жетеді.

Бұл — гран-при кезеңі Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін аса маңызды рейтингілік турнирлердің бірі.

Сапы (Шпага) сайысы бойынша әлемдік рейтингідегі қазақстандық спортшылардың орындары:

4-орын — Руслан Курбанов — 127.000 ұпай

44-орын — Эльмир Әлімжанов — 43.500 ұпай

89-орын — Вадим Шарлаимов — 20.250 ұпай

107-орын — Ерлік Сертай — 16.500 ұпай

299-орын — Георгий Тинников — 3.000 ұпай

462-орын — Александр Федотов — 0.500 ұпай

Доха төрінде өтетін гран-при кезеңіне 58 елден 577 спортшы келген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;