Допты хоккей: «Ақжайық» тартысты матчта қарсыласына есе жіберді
![Допты хоккей: «Ақжайық» тартысты матчта қарсыласына есе жіберді](https://prosports.kz/upload/news/content//202401/472_bf52ff2b26b087da2fc3d0faf14c57f1.jpg?v=28687406)
Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» Ульяновск қаласында жергілікті «Волга-Черемшан» командасымен екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Бірінші таймда тең есеп тіркелді – 3:3.
Екінші кезеңде айдын иелері қатарынан төрт гол соғып, 7:3 есебімен алға кетті. Бұдан кейін оралдықтар үш доп енгізгенімен, одан әріге шамасы жетпеді – 6:7.
«Ақжайықтан» ресейлік сұрмерген Максим Пахомов хет-триктің авторы атанса, Ершат Амангелдиев, Максим Өтебалиев, Артем Лапшин бір-бірден көзге түсті.
Николай Шавалдиннің шәкірттері келесі матчтарын 30-31 қаңтарда Оралда «Никельщик» (Верхний Уфалей) командасымен өткізеді.