Қысқы

Канвон-2024: Қазақстан жалпы медальдар кестесінде қай орында?

Канвон-2024: Қазақстан жалпы медальдар кестесінде қай орында?
news-banner7
mobile-news-top

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының жетінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы жалпы медальдар кестесінде 15-орынын сақтап қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстанның хоккейшілері кеше ел қоржынына үшінші медалді салған болатын. Жерлестеріміз қола медаль үшін матчта Аустрия құрамасын 6:5 есебімен жеңіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді. 

Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бір саты жоғарлады. 

Жалпы есепте Италия әлі көш бастап келеді. Олардың қоржынында қазіргі уақытта 9 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль бар. Ал екінші орында тұрған франциялықтарды Германия құрамасы 3-орынға сырғытты. Неміс спортшылары 7 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпы есепте екінші орынға көтерілді. Франция құрамасы 6 алтын, 3 күміс, 4 қола медальмен үздік үштікті түйіндеп тұр. 

Медальдар кестесіндегі алғашқы ондыққа енген елдер:

1. Италия – 9 алтын, 2 күміс, 3 қола (14)

2. Германия – 7 алтын, 3 күміс, 3 қола (13)

3. Франция – 6 алтын, 3 күміс, 4 қола (13)

4. Қытай – 5 алтын, 8 күміс, 3 қола (16)

5. Австрия – 4 алтын, 6 күміс, 5 қола (15)

6. Оңтүстік Корея – 3 алтын, 5 күміс, 4 қола (12)

7. АҚШ – 3 алтын, 4 күміс, 1 қола (8)

8. Нидерланды – 3 алтын, 1 күміс, 1 қола (5)

9. Ұлыбритания – 3 алтын 1 күміс (4)

10. Швеция – 2 алтын, 3 күміс 3 қола (8).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер