Александр Емельяненко танымал лигамен келісімшарт жасасты
Танымал ресейлік файтер Александр Емельяненко әлеуметтік желіде Ural FC промоушенімен келісімшарт жасасқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz<span> </span>тілшісі<span> </span>Чемпионатқа сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, Александр кейінгі жекпе-жегінде блогер Евгений Ершовпен кездескен болатын. Жекпе-жек былтыр мамыр айында өткен. Кездесуде Емельяненко мерзімінен бұрын жеңіске жеткен болатын. Қазіргі уақытта Александр 42 жаста.
Бұған дейін Александр Емельяненко Ингушетияда оңалту курсын сәтті аяқтағаны белгілі болды. Ол толықтай айығып, жекпе-жекке оралуды жоспарлап отыр. БАҚ мәліметінше, ресейлік файтер ақпан айында отандасы Вячеслав Дацикпен келесі жекпе-жегін өткізуі мүмкін.
Фото: globallookpress.com
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или