Ислам Махачев UFC промоушенінің жеңіл салмақ дәрежесіндегі файтерлерді жекпе-жекке шақырды
Аралас жекпе-жек шебері Ислам Махачев америкалық файтер Джастин Гэтжимен 8 маусымда жұдырықтасқысы келетінін айтты.
<span>Ресейлік файтер UFC промоушенінің жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белбеу иегері. Ең үздік файтерлердің рейтингінде көш бастап тұр. </span>
<span>Ал Гэтжи жеңіл салмақ дәрежесіндегі спортшылардың рейтингінде бразилиялық Чарльз Оливейрадан кейін екінші орында. Ислам Тwitter-дегі ресми парақшасында бірнеше файтерге үндеу жасады. </span>
"8 маусым Гэтжи, ал қараша айында "Мэдисон Сквер Гарденде" Оливейра немесе Царукянға қарсы жұдырықтасамын", – деп Махачев.
<span>Айта кетейік, 13 сәуірде өтетін UFC 300 турнирінде бразилиялық файтер Чарльз Оливейра мен ресейлік Арман Царукян жұдырықтасады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или