Хоккейден жастар арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионаты қай жерде өтетіні белгілі болды
Жасөспірімдер арасындағы хоккейден 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ-тың Миннесота штатында, Миннеаполис және Сент-Пол қалаларында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл турнир мерейтойлық –тарихтағы 50-турнир болады және 2025 жылдың 26 желтоқсаны мен 2026 жылдың 5 қаңтары аралығында өтуі тиіс.
«Біздің таңдалғанымызға мақтанамын. Біз әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтарды қалаларымызда қарсы алуды және осы оқиғаға ойыншыларды таныстыруды асыға күтеміз, олардың көпшілігі NHL жұлдыздары болады. Біздің мақсатымыз өте қарапайым: жастар арасындағы ең үздік әлем чемпионатын ұйымдастыру», - деп келтіреді CBS News Minnesota Sport and Events президенті және бас атқарушы директоры Венди Блэкшоудың сөзін.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Гетеборгта өтетін 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында Швеция мен АҚШ құрамалары кездеседі.