Жалғас Жұмағұлов чемпионды жекпе-жекке шақырды

Жалғас Жұмағұлов чемпионды жекпе-жекке шақырды

Аралас жекпе-жек спортшысы Жалғас Жұмағұлов (15-9) жапондық Хиромас Огикубоны (26-8-2) жекпе-жекке шақырды.

Жұмағұлов әлеуметтік желі арқылы Rizin Bantamweight Grand Prix чемпионы Хиромас Огикубоны жекпе-жекке шақырды. Огикубо жекпе-жекке келісті.

«Мен сенімен жекпе-жек өткізгім келеді», - деп жазды Жұмағұлов Twitter-дегі парақшасында.

"Сәлем. Би билейік" деп жауап берді жапон спортшысы.

<br />Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айында Жалғас UFC-тен кеткеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегін өткізді: ол Найза лигасында өнер көрсетіп, тағы бір жапон Масато Накамураны нокаутқа түсірді.

UFC-де қазақстандық жеті жекпе-жек өткізіп, оның бірінде жеңіске жетіп, алты рет жеңілген. Оның келісімшарты ұзартылған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или