«Барыс» овертаймда «Северстальден» жеңіліп қалды

«Барыс» овертаймда «Северстальден» жеңіліп қалды

Астанамен төрт сағаттық айырмашылықтан болу керек, Череповецке жеткен «Барыс» алғашқы кезең стартында сәл ұйқысын аша алмаған тәрізді. Алайда «Северсталь» хоккейшілерінің жойқын шабуылы ақ формадағы ойыншылардың белсенділігін тез арада тиісті деңгейге жеткізіп, ойын тартысты өтті.

Череповецте Астана клубы жергілікті «Северстальмен» кездесіп, тартысты жекпе-жектің овертаймында 4:5 есебімен алаң иелеріне жол берді. Ойынның алғашқы айналымында астаналық хоккейшілер 3:0 есебімен айқын басымдық танытқан еді. Алайда осындай нәтижемен сәл босаңсыған болуы керек, келесі кезеңде қарсыластарынан қатарынан қос шайба өткізіп алды. Ал екінші кезеңнің соңына санаулы секундттар қалғанда астаналық қорғаушылар қарсы шабуылға төтеп бере алмай, воротамызға тағы бір шайба кіріп, келесі айналымға қос команда бірдей нәтижемен өтті, есеп 3:3.

Соңғы шешуші кезеңде қарсыластар тағы бір-бір шайбамен алмасып, ойынның негізгі уақыты 4:4 есебімен қорытындыланды.

5 минуттық қосалқы уақытта алаң иелерінің екінші тынысы ашылып, астаналық команданы шабуылдан көз аштырмады. Жерлестеріміз қарсыластарының алаңында бір ғана қауіпті сәт тудыра алғанда, «Северстальдің» жігіттері қақпамызға 11 соққы жасап, оның төртеуі жақтауға тиді. Ақыры жерлестерінің қолдауына қанаттанған алаң иелері тағы тура соққы жасап, есепті өз пайдаларына өзгерте алды. Есеп – 4:5.

«Северстальмен» жекпе-жекте 1 ұпай жинаған «Барыс» енді ЦСКА-мен кездесу үшін Мәскеуге қонаққа аттанады.

«Северсталь» — «Барыс» 5:4 (0:2, 3:1, 1:1, 1:0)

Шайбалар:

0:1 — 12:20 Боченски (Ландин, Даллмэн).

0:2 — 17:49 Доус (Боченски).

0:3 — 22:46 Бойд (Даллмэн, Ландин).

1:3 — 23:43 Чернов (Кагарлицкий, Монс).

2:3 — 24:55 Скороходов (Бердников, Вихарев).

3:3 — 39:39 Вовченко (Трубачёв, Бучневич).

4:3 — 45:56 Ковыршин (Монахов, Карлссон).

4:4 — 47:26 Савченко.

«Северсталь»: Штепанек — Карлссон-Конев, Кагарлицкий-Монс-Чернов; Стасенко-Блатяк, Трубачёв-Вовченко-Бучневич; Кудако-Шефер, Бердников-Никонцев-Монахов; Лукин, Скорохов-Вихарев-Трунёв, Ковыршин.

«Барыс»: Иванов — Даллмэн-Ландин, Доус-Боченски-Бойд; Эллерби-Семёнов, Михайлис-Кайгородов-Рымарев; Савченко-Литвиненко, Полищук-Пушкарёв-Сен-Пьер; Трясунов-Рыспаев, Евдокимов-Гренц-Баранов;

Айыппұл: 4:37 (2:12, 2:0, 0:25, 0:0)

Бас төрешілер: Сергей Гусев, Рафаэль Кадыров

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или