UFC чемпионы Леон Эдвардс келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты
Қазіргі жартылай орта салмақтағы UFC титулының иегері Леон Эдвардс келесі рет 14 сәуірде Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC 300 турнирінде белбеуін қорғайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz MMA.Metaratings.ru сайтына сілтеме жасап.
«Сәуір айында Лас-Вегастағы UFC 300 турнирінде титулымды қайта қорғаймын, содан кейін жазда Бирмингемдегі Вилла Паркте жекпе-жек өткіземін деп үміттенемін. UFC-мен келіссөздер жүргізіп жатырмын. Оны жүзеге асыра аламын деп үміттенемін», - дейді Эдвардс.
Эдвардс кейінгі рет 17 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 296 турнирінің негізгі жарысында октагонға шықты. Бұл жекпе-жек төрешілердің бірауыздан шешімімен Леонның пайдасына аяқталды.
Қазіргі уақытта Эдвардс 12 жекпе-жекте жеңіске жетті. Аралас жекпе-жектен оның 22 жеңісі мен үш жеңілісі бар.