Қазақстан чемпионатының екінші кезеңінің басталатын күні белгілі болды
Қазақстан чемпионатының екінші кезеңінің басталатын күні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнир ережесіне сәйкес, екінші кезеңде қатысушылар бір раундта өзара ойнайды (әр командамен бір матч, өз алаңында 5 матч және қарсыластың алаңында 5 кездесу) және жинаған ұпайларын ескере отырып, өзара орындарды бөледі. Екінші кезеңдегі матчтардың күнтізбесі командалардың бірінші кезеңнен кейінгі орындарына сәйкес анықталады.
Командалар демалыстан 6 қаңтарда оралады, бұл күні Рудныйда «Горняк» пен «Сарыарқа» кездесуі өтеді. «Номад» - «Алматы» және «Ақтөбе» - «Бейбарыс» матчтары 7 қаңтарға жоспарланған. «Хумо» мен «Ертіс» 8 қаңтарда ойынға оралады.
Тұрақты маусымның соңғы ойын күні 16 ақпанға жоспарланған. Келесі кезекте сегіз үздік команда үшінші кезеңде (плей-офф) күресті жалғастырады.