Канада жастар арасындағы әлем чемпионатында қарсылас қақпасына 10 шайба соқты
Канада құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатының (U20) топтық кезеңінде Латвияны ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 10:0 есебімен аяқталды.
Карсон Рекопф пен Конор Гики екі шайбадан соқты, Брэйден Ягер, Оуэн Аллард, Маклин Селебрини, Фрейзер Минтен, Мэттью Вуд және Мэттью Пойтрас бір-бір шайба соқты.
Келесі ойында Канада Швециямен, ал Латвия финдермен кездеседі. Екі ойын да 29 желтоқсанда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или