UFC-де жылдың үздік файтерінің есімі белгілі болды
Жеңіл салмақтағы қазіргі UFC чемпионы ресейлік Ислам Махачев ESPN нұсқасы бойынша 2023 жылдың үздік файтері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
2023 жылы Ислам Махачев екі жекпе-жек өткізді. 12 ақпанда Перт қаласында (Австралия) өткен UFC 284 турнирінде ресейлік жергілікті Александр Волкановскиймен кездесті. Бес раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Исламға берді.
21 қазанда Абу-Дабиде (БАӘ) UFC 294 турнирінде Махачев Волкановскиймен қарымта кездесу өткізді. Бұл жолы Ислам бірінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.
Естеріңізге сала кетейік, Ислам Махачевтің аралас жекпе-жектегі кәсіби рекорды 25-1. Ресейлік спортшы қазір салмақ дәрежесіне қарамастан UFC үздік файтерлерінің рейтингінде бірінші орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или