Шавкат Рахмонов Ислам Махачевқа қарсы жекпе-жек туралы пікір білдірді

Шавкат Рахмонов Ислам Махачевқа қарсы жекпе-жек туралы пікір білдірді

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов жеңіл салмақтағы лига чемпионы Ислам Махачевпен жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Махачевпен жекпе-жек туралы қалағаныңызша айтуға болады, бірақ бәрін UFC шешеді. Бұл жерде мен айтқанымнан ештеңе өзгермейді. Егер олар бізге жекпе-жек берсе, біз кездесеміз», - деді Рахмонов.

Естеріңізге сала кетейік, Рахмонов кейінгі жекпе-жегінде америкалық Стивен Томпсонды екінші раундта жеңген болатын. Қазақстандық файтер үшін бұл UFC-дегі алтыншы жекпе-жек болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или