Қазақстандық актер мен Еркебұлан Тоқтарды жеңген ирандық файтердің жекпе-жегі қалай өтті. Видео
23 желтоқсанда Алматыда өткен OCTAGON 53 турнирінде танымал қазақстандық актер Арнұр Қабдолдаев (4:0) кезекті кәсіпқой жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аралас жекпе-жек туралы тұңғыш қазақ сериалының басты актеры тағы бір танымал актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтарды жеңген ирандық Паям Назаримен (4-3) кездесті. Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жекте төрешілер шешіммен Қабдолдаев жеңіске жетті.
Жекпе-жектің видеосын мына жерден көруге болады:
Айта кетейік, жарыстың басты жекпе-жегінде қазақстандық Сүндет Айтқұл (7-1) жеңіл салмақтағы вакантты чемпиондық белбеуді жеңіп алды, ол бразилиялық Клаудечи Бритоны (9-3) жеңді.
Келесі OCTAGON 54 турнирі 19 қаңтарда Алматыда өтеді. 2024 жылдың бірінші шарасы аясында Қазақстан мен Өзбекстан файтерлері арасында «теке-тірес» өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы чемпион Георгий Кичигин (29-10) өзбекстандық қарсыласы Шохасан Мирзаматовпен (11-3) кездеседі.