UFC Шавкат Рахмонов 2024 жылы титулды жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты
UFC баспасөз қызметі қазақстандық Шавкат Рахмоновтың (18-0) америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) жеңгенін атап өтіп, келесі жылы титулды жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты<span> </span>meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
«Шавкат Рахмонов қарқынынан танбай, Стивен Томпсонды жеңді, осылайша ол 18 жекпе-жегінің бәрін мерзімінен бұрын аяқтады. Қазір Рахмонов рейтингте үшінші орында тұр, 2024 жылы титулды жекпе-жек өткізуден үмітті», - деп жазды промоушеннің ресми сайты.
Айта кетейік, кейінгі кездесуінде Шавкат Томпсонды мерзімінен бұрын жеңген болатын. Қазақстандық екінші раундта қарсыласын тізе бүктірді. Рахмонов үшін бұл жеңіс ММА-дағы 18, UFC-дегі алтыншы жеңісі болды. Оның үстіне ол мұның бәрін мерзімінен бұрын аяқтады.