Шавкат Рахмонов: Камару Усманмен жұдырықтасқым келеді
Бүгін, 25 желтоқсанда Алматы қаласында Шавкат Рахмоновтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
<span> Шавкат Рахмонов UFC 296 турнирінде америкалық спортшы Стивен Томпсонды екінші раудта мерзімінен бұрын жеңген еді. Сол жекпе-жектен кейін Қазақстанға оралған Шавкат 25 желтоқсан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатына қатысты.</span>
<span> Аталмыш іс-шарада қазақстандық файтер болашақта Камару Усманмен жұдырықтасқысы келетінін айтты. </span>
<span>"Камару Усманмен жұдырықтасу қызық болады. Белал Мұхаммед менімен шайқасқысы келмейтін сияқты. Усман да шыққысы келмейді, әрине. Ал негізі мен ешкімді таңдамаймын. Бастысы белбеуге жетсем болды. Уақыт көрсетеді. Әлі ешқандай жекпе-жек белгісіз", – деді Шавкат.</span>
<span> Айта кетейік, Камару Усман UFC промоушенінің орта салмағында 1-орында тұрған файтер. Ал Шавкат соңғы жеңісінен кейін 3-орынға көтерілді. Қазақстандық файтер жұдырықтасатын салмақ дәрежесінің рейтингінде көш бастап тұрған чемпион – Леон Эдвардс. </span>