«Салават Юлаев» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы
Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымы аясында «Салават Юлаев» өз айдынында «Барысты» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
40 матчтың қорытындысы бойынша «Барыс» 31 ұпаймен Шығыс конференциясында 12-орында тұр. Ол 11-орындағы «Адмиралдан» бір ұпайға, ал сегіздік аймағынан 12 ұпайға қалып қойды.
<span>«Салават Юлаев» </span>39 ойында 50 ұпай жинап, Шығыс конференциясында үшінші орында келеді, бірақ төртінші орындағы <span>«Лададан»</span> қосымша көрсеткіштер бойынша ғана озып тұр. Уфалықтар бірінші және екінші орындағы «Металлург» пен «Авангардтан» 5 ұпайға қалып отыр.
<span>«Салават Юлаев» - </span>«Барыс» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Трансляцияны мына сілтеме арқылы көруге болады. Матчты <span>«Qazsport» </span>телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.