Леон Эдвардс жартылай орта салмақтағы UFC титулын қорғады
Желтоқсанның 16-нан 17-не қараған түні Лас-Вегаста (АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC 296 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақ дәрежесінің өкілдері Леон Эдвардс пен Колби Ковингтон кездесті.
Жекпе-жек бес раундқа созылды және Эдвардстың пайдасына аяқталды (49-46).
Осылайша, Эдвардс жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін сақтап қалды. Ағылшындық үшін бұл жеңіс оның мансабындағы 25 жекпе-жектегі 22-ші жеңісі болса, Ковингтон 17 жеңісімен 4-ші жеңілісіне ұшырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или