Александр Пантожа жеңіл салмақта UFC титулын сақтап қалды

Александр Пантожа жеңіл салмақта UFC титулын сақтап қалды

Лас-Вегаста (АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC 296 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Басты кардта ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы бразилиялық Александр Пантожа америкалық Брэндон Ройвалмен жұдырықтасты.

Жекпе-жек бес раундқа созылып, бразилиялықтың жеңісімен аяқталды. Төрешілер бірауыздан Пантожаны жеңімпаз деп таныды.

Пантожа кәсіпқой аренада 35 жекпе-жек өткізіп, оның 29-ында жеңіске жетіп, алты рет жеңіліске ұшыраған. Алдыңғы жекпе-жекте бразилиялық сол кезде титулды иеленген мексикалық Брэндон Мореноны жеңген болатын.

Ройвалда 17 жеңіс және жеті жеңіліс бар. Соңғы жекпе-жегінде ол Матеус Николау Перейраны жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или