Шавкат Рахмонов Ислам Махачевпен жекпе-жекке қатысты сұраққа жауап берді
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Ислам Махачев арасындағы жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін болуы мүмкін жекпе-жек туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ислам – чемпион және UFC мүдделі болса, жартылай орта салмақтағы белбеу үшін күресуі мүмкін. Бірақ бастысы, ол кейін 77 келідегі белбеуді қорғайды. Егер ол чемпион атанса, белбеуді қорғайды немесе босатады.
Махачевпен жекпе-жек өткіземіз бе? Көреміз. Мен асыққым келмейді. Мүмкін кездесерміз, мүмкін кездеспейтін шығармыз. Біз мұны әлі білмейміз. Оны уақыт көрсетеді», - деді Рахмонов.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или