Карьерасын аяқтай ма? Тұрмысқа шыққан Сора Рахмонованың мансабы не болады?
Алматы облыстық мәслихатының депутаты, джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының спорт шебері Нұрсұлтан Орынбасаров Инстаграм парақшасында жұбайы Сора Рахмонованың спорттық карьерасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Кешеден бері бақыт тілеп жатқан баршаңызға алғысым шексіз!
Ресми түрде, қасиетті жұма күні мұсылмандық жолмен некемді қидым!
Жан жарым да спорт саласынан, үш дүркін әлем чемпионы, ММА жауынгері, танымал спортшы Сара.
Ақпарат беттерінде «Сара Тұрмыс құрып спорттық карьерасын аяқтады», - деген ақпарат тарап жатыр екен!
Әрине, біздің бірінші мақсатымыз бақытты отбасы болу.
Бірақ спорттан да алыстамаймыз! Өйткені спорт біздің өміріміздің бір бөлігі.
Мен өмірлік жары ретінде Сараны әрқашан қолдаймын! Бұйыртса Сара талай жеңісімен қазақ елін қуантатын болады!», - деп жазды Орынбасаров.