Қазақстандық «Мортал Комбат» чемпиондық атақ үшін қырғызстандық үміткермен жұдырықтасады

Қазақстандық «Мортал Комбат» чемпиондық атақ үшін қырғызстандық үміткермен жұдырықтасады

Аралас жекпе-жек Еуразиялық лигасы Алматыда өтетін OCTAGON 52 нөмірлі турнирінің кезекті жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарашаның 18-і күні Алматыда қазақстандық Әлішер «Мортал Комбат» Ғабдуллин (11-4) мен Қырғызстандық Алманбет Абдывасы ұлы (12-6) арасында қапастағы кездесу өтеді.

Еске сала кетейік, қазақстандық файтер өзінің соңғы жекпе-жегінде күтпеген жерден әзірбайжандық Фарид Алибабазадеден (11-5-1) жеңіліп, жеті жекпе-жек қатарынан жеңісті сериясын бұзды.

Абдываса уулуна келетін болсақ, қырғызстандық файтер лигада қатарынан екі жеңісінен кейін жеңіл салмақтағы титулға басты үміткерлер қатарында болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или