Қазақстандық файтер AMC Fight Nights Global турниріндегі жекпе-жектен бас тартты

Ural FC және Naiza FC чемпиондық белбеулерінің иегері қазақстандық Дәурен Ермеков ресейлік ММА файтері Дмитрий Арышевке қарсы жекпе-жектен бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Дмитрий Арышевпен жекпе-жекке қалай және қайда дайындаламын? Мен бұл жекпе-жектен бас тарттым. Қабырғамнан жарақат алдым», - деді Ермеков.
AMC Fight Nights Global уақытша чемпионы атағы үшін Ермеков (19-5) - Арышев (17-8-1) жекпе-жегі 10 қарашада Мәскеуде өтуі керек еді.
Жекпе-жек 2020 жылдың қыркүйегінде қазақстандық жеңілген Владимир Минеевпен (16-1-1) жекпе-жекке іріктеу кездесуі ретінде жоспарланған болатын.