Исраэль Адесанья UFC-дегі келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Исраэль Адесанья UFC-дегі келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Шон Стриклендтен жеңілгеннен кейін карьерасында үзіліс алған орта салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы Исраэль Адесанья көпшілік күткеннен де ұзақ уақыт октагонға оралмайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі fighttime.ru сайтына сілтеме жасап.

Нигериялықтың айтуынша, ол UFC-дегі келесі жекпе-жегі 2027 жылдан ерте өтпейді.

«Маған көптеген хабарламалар келіп жатыр және мен тірімін, отставкага кеткен жоқпын деп айтқым келеді», - деді Адесаня The MacLife-қа берген сұхбатында. «Мен тірімін. 2027 жылы ораламын. Көріскенше»

9 қыркүйекте Сиднейде өткен UFC 293 турнирінде Исраэль Адесанья бес раундтың қорытындысы бойынша Шон Стрикленден жеңіліп, орта салмақтағы UFC чемпиондық белбеуінен айырылып қалған болатын.

Бұған дейін нигериялық файтер Алекс Перейраға қарсы екі жекпе-жек өткізіп, алдымен бразилиялықтан бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліп, кейін реванш өткізгенде оны нокаутқа түсірген.

Қазіргі уақытта Адесанья өзінің досы Фрэнсис Нганнумен бірге Сауд Арабиясында жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или