Қазақстандық регбишілер «WXV» халықаралық турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Қазақстандық регбишілер «WXV» халықаралық турнирінің топтық кезеңдегі кездесуде Кения құрамасын ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 18:12 есебімен аяқталды.
Осылайша қазақстандық спортшылар турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Айта кетейік, 27 қазанда Қазақстан құрамасы Фиджи құрамасымен кездеседі.
Қазақстан құрамасының құрамы:
Елена Юрова, Мөлдір Асхат, Наталья Камендровская, Анна Чеботар, Сымбат Жаманқұлова, Татьяна Кручинкнина, Татьяна Дадажанова, Карина Сазонтова (капитан), Диана Қазыбекова, Құндызай Бақтыбаева, Лилия Кибишева, Людмила Иванова, Ева Беккер, Дарья Ткачева, Гулім Бақытбек, Карина Танкишева, Балжан Ахбаева, Юлия Олейникова, Светлана Малежина, Құралай Тұралықова, Анастасия Евдокимова, Дарья Кузнецова, Милана Котова.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или