«Сочи» — «Барыс» матчының трансляциясы

«Сочи» — «Барыс» матчының трансляциясы

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Сочи» командасына қарсы өткізеді.

Кездесу бүгін, 20 қазан күні, сағат 22:20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 18 мәрте кездесті. Оның 11-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 20 ойыннан кейін 16 ұпаймен 20-орында тұр. Aл «Сочи» 20 ойыннан кейін 23 ұпаймен 9-орынға орналасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или