OCTAGON 52 турнирінің өтетін күні мен мейн ивенті анықталды

OCTAGON 52 турнирінің өтетін күні мен мейн ивенті анықталды

Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы келесі OCTAGON<span> </span>52 турнирін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz промоушеннің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18 қарашада Алматыда өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық Аян Тұрсын (4-0) өнер көрсетеді, ол ресейлік Марина Шутовамен (5-2-1) минималды салмақта чемпиондық атақты сарапқа салады.

Турнирде сондай-ақ Бекзат Алмахан, Дамир Төленов, Самат Мамедов, Азамат Бақытов, Хамзат Чапанов, Одилхон Камолов, Арнұр Қабдолдаев, Нұржан Ақышев, Бурья Чопа сынды танымал файтерлер бақ сынайды.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қазанда Алматыда OCTAGON 51 турнирі өтеді, онда екі титулды жекпе-жек болады. Кештің жартылай жеңіл салмақ дәрежесіндегі титулдық жекпе-жегінде ұйымның қазіргі чемпионы Мухаммаджон Курбанов (10-4) пен тәжікстандық Фарход Давлятов (7-2) кездеседі.

Әйелдер арасындағы жеңіл салмақ дәрежесіде қазақстандық Анастасия Дюжикова (7-2) ресейлік Александра Савичевамен (4-1) күш сынасады.

OCTAGON 51 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 51 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или