Ұлттық құрама Оңтүстік Кореяны жеңіп, жартылай финалға қадам басты

Ұлттық құрама Оңтүстік Кореяны жеңіп, жартылай финалға қадам басты

<span>Су добынан еліміздің ерлер құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.</span>

<span>Қазақ ватерполшылары ширек финалда Оңтүстік Кореядан 15-8 есебімен басым түсті. Ойын алғашқы айналымнан бастап, қазіргі чемпионның бақылауымен өтті. Енді финал жолдамасын қазіргі Азия чемпионы Қытай мен Қазақстан 6 қазанда сарапқа салады.</span>

<span>Қазақстан құрамасы ХІХ Азиаданың В тобында бастап, Гонконг пен Сингапурдан басым түсті. Екінші матчта Жапонияға есе жіберген.</span>

<span>Жалпы Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындары тарихында 1994 жылдан бері 6 мәрте чемпион атанып, бір рет үздік үштікті түйіндеген (2006 жылы).</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или