Бокс

«Қазақ Ломаченкосы» қарсыласын нокдаунға түсіріп, Азия ойындарының 1/8 финалына өтті

«Қазақ Ломаченкосы» қарсыласын нокдаунға түсіріп, Азия ойындарының 1/8 финалына өтті
news-banner7
mobile-news-top

Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарының 1/16 финалында «Қазақ Ломаченкосы» лақап аты бар қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан рингке шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарсылас Оңтүстік Корея өкілі Йечан Ли болды. 57 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Екінші раундта Сабырхан қарсыласын нокдаунға түсірді.

Естеріңізге сала кетейік, Махмұд Сабырхан қазіргі әлем чемпионы. 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында «қазақстандық Ломаченко» өзбекстандық Ойбек Жураевпен кездесіп, оны төрешілер шешімімен ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0