Қазақстандық проспект пен түркиялық файтер OCTAGON 50 ивентін әсерлі жекпе-жекпен ашты. Видео
Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасының OCTAGON 50 турнирі аясында алғашқы жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аса жеңіл салмақта Әлімжан Аббасов (2-0, Түркия) пен Қанатбек Мұрат (1-0, Қазақстан) кездесті.
Жекпе-жектің үшінші раундында Мұрат белсендірек болып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық ММА ардагері Георгий «Рыцарь» Кичигин (28-10) ресейлік Ричард Тотровқа (12-6) қарсы кездесуде жартылай орта салмақтағы бос чемпиондық титулды сарапқа салады.
Турнирде сондай-ақ ұйымның жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Дамир «Қазақ Сехудосы» Төленов (10-0), танымал теле және кино актері Еркебұлан Тоқтар (5-3), сондай-ақ жеңіліп көрмеген Магомед Магомедов (12-0) өнер көрсетеді. Тәжікстандық Камариддин «Камил каратэ» Хасанов (2-1) басты қарсыласы, қырғызстандық поп-ММА жұлдызы Эльчибек «17 кг» Абдубалиевпен (0-1) кездеседі.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 46 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink