OCTAGON 50 турнирінің тікелей трансляциясы
Бүгін Алматыда Еуразиялық жекпе-жек лигасының OCTAGON 50 мерейтойлық турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz
Ауқымды шара аясында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Бразилия, Иран, Бахрейн және Түркия спортшыларының қатысуымен 14 қапаста жекпе-жек өтеді.
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық ММА ардагері Георгий «Рыцарь» Кичигин (28-10) ресейлік Ричард Тотровқа (12-6) қарсы кездесуде жартылай орта салмақтағы бос чемпиондық титулды сарапқа салады.
Турнирде сондай-ақ ұйымның жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Дамир «Қазақ Сехудосы» Төленов (10-0), танымал теле және кино актері Еркебұлан Тоқтар (5-3), сондай-ақ жеңіліп көрмеген Магомед Магомедов (12-0) өнер көрсетеді. Тәжікстандық Камариддин «Камил каратэ» Хасанов (2-1) басты қарсыласы, қырғызстандық поп-ММА жұлдызы Эльчибек «17 кг» Абдубалиевпен (0-1) кездеседі.
Кештің толық кардын мына жерден табуға болады.
Жекпе-жек кешінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады, оны Еуразиялық жекпе-жек лигасының OCTAGON TV YouTube-арнасынан көруге болады.
OCTAGON 50 турнирінің билеттерін zakazbiletov.kz сайтынан алуға болады
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 46 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink