«Екі финал». Азия ойындарындағы қазақстандық спортшылардың нәтижелері

«Екі финал». Азия ойындарындағы қазақстандық спортшылардың нәтижелері

Ханчжоудағы Азия ойындарының кезекті күнінде Қазақстан бес спорт түрінен өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ескекші Владислав Яковлев қайықпен жүзуден негізгі финалға сәтті жолдама алды.

Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Жапониядан жеңіліп қалды, енді жұбаныш турнирінде өнер көрсетеді.

«Жағажайшылар» Раченко/Уколова мен Алдаш/Гурин бір мезгілде қытайлықтардан жеңіліп қалды.

Бессайысшылар Павел Ильшенко, Кирилл Стадник, Темірлан Әбдірайымов және Григорий Дудочкин финалға жолдама алды.

Үстел теннисінен әйелдер құрамасы өнерін Қытайдан жеңіліспен бастаса, ерлер құрамасы Тайбэйден ұтылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или