Азиада-2023: волейболдан бас бапкер алғашқы ойында Қазақстанның жапондардан жеңіліп қалуының себебін түсіндірді

Азиада-2023: волейболдан бас бапкер алғашқы ойында Қазақстанның жапондардан жеңіліп қалуының себебін түсіндірді

<span>Волейболдан Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы алғашқы кездесеуінде Жапониядан жеңіліс тапты. Команданың бас бапкері Борис Гребенников ұлттық құраманың жеңілісін түсіндірді, деп хабарлайды Nur.kz. </span>

<span>Борис Гребенников ойыншыларының жапондықтарға есе жіберуінің басты себебін айтты. </span>

<span>«Жеңіліс таптық. Жапондықтардың темірдей тәртібіне тәнті боласың. Біз барынша тырыстық. Жапондықтардың деңгейін мойындау керек, сыйластықпен қарау керек. Олар жеңіске лайық болды. Бізге концентрация мен алаңдағы тактикалық ойлау жетіспеді. Біздің келесі қарсыласымыз кешке анықталады. Бұл сайыста іріктеу кезеңінің жүйесі басқаша. Бәрі ертең белгілі болады», - дейді бас бапкер. </span>

<span>Гребенников олимпиадалық қалашық туралы да айта кетті. Бапкерге ұйымдастыру жағы қатты ұнаған. Айтуынша, жергілікті халық қонақжай әрі тазалыққа қатты мән береді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или