Баскетболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Малайзиядан жеңілді
17 қыркүйекте Катар астанасы Дохада баскетболдан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Топтық кезеңнің алғашқы матчында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Малайзиямен кездесті. Кездесу 71:79 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Самарқандта (Өзбекстан) өткен іріктеу турнирінде жеңіске жетіп, Азия чемпионатына жолдама алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или