Артём Резников келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

Артём Резников келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

Қазақстандық файтер Артём Резников АСА лигасында ресейлік Али Баговқа қарсы өтетін жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жекпе-жекті желтоқсанға белгіледік. Қазірше нақты күні белгісіз, өйткені желтоқсанға дейін әлі көп уақыт бар. Ешқандай ерекше шарт жоқ, келісімшартта не бар сол бойынша жекпе-жек өткіземіз. Біз үшін қарсыластың кім болғаны маңызды емес», - деді Резников Legalbet.kz сайтына.

Бұған дейін Резников Bellator-дың бұрынғы чемпионы Александр Шлеменконы жекпе-жекке шақырған, бірақ ол қазақстандық Қуат Хамитовпен жұдырықтасатын болды.

33 жастағы Багов (32-12) ACA-дағы алдыңғы жекпе-жегінде отандасы Дауд Шайхаевтан жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или