Қазақстан құрамасы Азия кубогында қола медаль алды

Қазақстан құрамасы Азия кубогында қола медаль алды

Жағажай волейболынан Қазақстан ерлер құрамасы Кокс-Базарда (Бангладеш) өткен Азия кубогының (орталық аймақ) бірінші кезеңінде үшінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан-1 командасы (Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату) алдымен Қазақстан-2 командасын (Нұрдос Алдаш пен Кирилл Гурин) жеңсе, одан кейін жарыс қожайыны Бангладеш өкілдерін ұтты -2:0.

Ал Азия кубогының жартылай финалында Иран-2 командасынан 0:2 есебімен ұтылып, турнирде қола медаль алды. 

Турнир финалында Иран мен Үндістан құрамалары кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или