Баскетболдан Германия құрамасы алғаш рет әлем чемпионы атанды
Германия құрамасы баскетболдан FIBA-2023 әлем чемпионатының финалында Сербияны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда Германия 83:77 (23:26, 24:21, 22:10, 14:20) есебімен жеңіске жетті. Германиялық қорғаушы 28 ұпай жинады. Ал Сербия сапында Алексей Аврамович 21 ұпай жинады.
Осылайша, Германия құрамасы әлем чемпионатында алғаш рет топ жарды. Команданың бұған дейінгі ең үздік нәтижесі 2002 жылы жеңіп алған қола медаль болатын.
Үшінші орын үшін өткен матчта АҚШ құрамасы Канададан жеңіліп қалды – 118:127. Канада әлем чемпионатында алғаш рет медаль алды.
2023 жылы баскетболдан әлем чемпионаты Индонезия, Жапония және Филиппинде өтті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или