«Қатты әсер етті». Сарапшы — қазақстандық файтердің Шлеменкоға қарсы мүмкіндігі туралы

«Қатты әсер етті». Сарапшы — қазақстандық файтердің Шлеменкоға қарсы мүмкіндігі туралы

ММА әлеміндегі танымал инсайдер Марсель Дорфф қазақстандық файтерлердің Bellator бұрынғы чемпион ресейлік Александр Шлеменкомен жекпе-жек өткізгісі келетіні туралы не ойлайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Шлеменко кіммен төбелесе алады? Хамитов пе, Ермеков пе, Резников па? Иә, мен олардың бәрін білемін. Мен мұны көргім келеді. Резников Юсуф Раисовты жеңді. Раисов – менің сүйікті файтерлерімнің бірі. Сондықтан маған қатты әсер етті. Бірінші кезекте Хамитов пе? 84 келіде ме? Өте жақын жекпе-жек болады. Оның нәтижесін болжау тиын лақтырумен бірдей деп ойлаймын. Шлеменко жеңеді-ау деген сәл ойым бар, бірақ Қуат та жеңуі мүмкін», - деп келтіреді Legalbet.kz Дорфтың сөзін.

Шлеменко-Хамитов жекпе-жегі 29 қыркүйекке жоспарланған және Мәскеудегі «Top Fight» турнирінде өтуі тиіс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или